Ғалымдар Бельгия аумағынан шамамен 55 миллион жыл бұрын өмір сүрген сүтқоректі жануардың қаңқасын тапты. Болжам бойынша, ол қазіргі жыртқыш аңдардың арғы тегіне жататын болуы керек, деп жазады itar-tass.com.
Америкалық палеонтологтар динозаврлардың жаңа түрін анықтады. Палеонтологтар барлығы 250 қаңқа сүйегін тапқан. Dormaalocyon latouri деген латын аты берілген жануарды ғалымдар тиін мен кішкентай тау арыстанына ұқсатып отыр.
Зерттеушілердің пікірінше, олар тапқан тасқа айналған аңның қалдықтары қазіргі уақыттағы белгілі сүтқоректі жыртқыштардың бірі болуы мүмкін. Ол аңнан төрт аяқты жыртқыштар, нақтырақ айтқанда, иттер мен мысық тұқымдастары шыққан болуы керек.