Маңғыстауда алып жануардың омыртқасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда алып жануардың омыртқасы табылды

11.07.2017

Маңғыстауда салмағы 10 пілге тең, ұзындығы 12 метрге жететін алып жануардың омыртқасы табылды. Бұл елімізде ең үлкен полеонтологиялық қазба болып отыр. Ресейлік ғалымдар оны бор дәуіріне жатқызады. «Сол кезде жер бетін алып жатқан Тетис мұхитының жануары – плезиозавр», - дейді. Бауырымен жорғалушы 80-100 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. Құмнан аршып алынған қаңқаның ұзындығы - 3,5 метр. Мақұлықтың әлі басқа да бөліктері іздестірілмек. Мұндай таңқалдыратын дүниелердің әлі де табылатынына мұражай қызметкерлері сенімді. Себебі, бұрынырақ Қарақия ойпатынан кит тәріздес жануардың қаңқасы аршылып алынған. Бір өкініштісі, мұндай қазбаларды зерттейтін мамандар жоқ. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу