Гадрозаврдың қаңқасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гадрозаврдың қаңқасы табылды

23.01.2014
Гадрозаврдың қаңқасы табылды
Хоккайдо университетінің бір топ палеонтологы гадрозаврдың (үйректұмсықты динозавр) қаңқасын тапты.
 
Ғалымдар бұл жануардың қаңқасын Хоккайдоның оңтүстік бөлігінде орналасқан Мукава қаласынан тапқан. Алғаш рет мұндай қалдықтар бұл аймақта 2003 жылы табылған болатын.
 
Былтыр мамандар Мукава маңындағы тауға жаңа экспедициялық зерттеуге шыққан еді. Нәтижесінде, жануардың құйрығын, жамбас сүйегі мен бірнеше тіс сүйегін олжалады. «Бұл жерден гадрозаврдың қаңқасы түгелдей табылуы мүмкін»,-дейді зеттеу тобының жетекшісі, профессор Ёсицугу Кобаяси.
 
Қазіргі таңда, ғалымдар кесіртке тектес жануардың қаңқасын 30 пайызға құрастырды. Оның ұзындығы – 8 метр, ал салмағы – 7 тоннадан асып кеткен. Бұл - осыған дейін табылған гадрозаврлар арасындағы ең ірісі.
 
Гадрозаврлар Жер бетінде 85 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Оның үйректің тұмсығына ұқсайтын аузы болған. Ол артқы аяқтарымен сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүгіре алған, дейді ғалымдар.

Хабарламаларға жазылу