100 миллион жыл бұрын өмір сүрген рептилия табылды

04.08.2020

Маңғыстауда осыдан 100 млн жыл бұрын өмір сүрген плезиозаврдың сүйегі табылды. Рептилия Альб ярусы мен төменгі Синоман кезеңінде тіршілік еткен деген болжам бар.

Плезиозаврдың сүйегін Түпқараған мүйісінен өткен жұма күні Ақтаулық Владимир Ярцев тапты. Әуесқой палеонтолог одан бөлек, сол маңнан жоғары 2 метр жерден птиходус акуласының тісін де тауып алған. Олжаға кенелген тұрғын бірден жергілікті мамандарға хабар берді.

Палеонтология - Владимир Ярцевтің сүйікті ісі. Ол бұл кәсіппен 3 жылдан бері айналысады. Былтыр ол Сулықапы мекенінен ұзындығы 9 метр ихтиозаврдың сүйегін тапқан болатын. Ежелгі тіршілік иесінің қаңқасы қазір облыстық өлкетану мұражайында.


Хабарламаларға жазылу