Теміртас Жүсіпов жекпе-жекті жеңіспен бастады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртас Жүсіпов жекпе-жекті жеңіспен бастады (ВИДЕО)

30.03.2014
Теміртас Жүсіпов жекпе-жекті жеңіспен бастады (ВИДЕО)
 
 
 
 
 
Германияның Ханау қалашығында Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалының жолдамасы үшін «Астана арландары» жергілікті  «Team Germany» командасының боксшылармен қолғап түйістіруде. Ширек финалдағы жекпе-жектер шымылдығын ең жеңіл (49 келі) салмақтағы боксшылар ашты.
 
Бұл салмақта «Астана арландарының» бас бапкері Сергей Корчинский жекпе-жек алдында тактикалық өзгеріс жасады.  Осы уақытқа дейін үш рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жеткен Мардан Берікбаевты Теміртас Жүсіповпен ауыстырды.
 
WSB бәсекесінде екінші жекпе-жегін өткізген Теміртастың қарсыласы – германиялық команданың румыниялық легионері Овидиу Берцяну болды. Ол бұған дейін екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де бапкер сенімін ақтай алмаған.
 
Бүгінгі жекпе-жекте де Овидиу Берцянудың қазақ боксшысына шамасы жетпеді. Теміртас Жүсіпов қарсыласынан әлдеқайда мығым екенін дәлелдеп, жеңіске жетті.
 
Айта кетейік, бүгінгі бокс кешінде Ханау шаршы алаңына 56 келіде Мейірболат Тойытов, 64 келіде Асхат Уәлиханов, 75 келіде Сергей Деревянченко, 91 келіде Василий Левит шығады.
 
Германиия боксшылары мен «Астана арландары» арасындағы жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Сонымен қатар, www.kazsporttv.kz сайты онлайн-трансляция жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу