«Ну, погоди!» 45-ке келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ну, погоди!» 45-ке келді

09.01.2014
«Ну, погоди!» 45-ке келді
 
1 қаңтар күні «Ну, погоди!» мультфильмінің алғашқы бөлімінің эфирге шыққанына 45 жыл толды.
 
Кеңес одағына кеңінен танылған «Ну, погоди!» мультфильмі 1969 жылдың 1 қаңтары күні эфирге шыққан болатын.
 
Мультфильм мемлекеттік тапсырыс болғандықтан, оған бөлінген қаражат та қомақты еді. Тапсырыс берушілер көңілді дүние талап еткендіктен, «Союзмультфильм» басшылығы танымал сықақшылар Александр Курляндский, Аркадий Хайт, Феликс Камов және Эдуард Успенскийге барады.
 
Алайда, «Ну, погодидің» суретші-режиссері Котеночкин емес, оның әріптесі Геннадий Сокольский екенін көбісі біле бермейді. Ол түсірген алғашқы серия 1969 жылы «Веселая карусель» альманағында шыққан еді.
 
Бірақ, бұл басшылыққа тым дөрекі көрінген. Ал Сокольский болса, өз персонаждарын өзгертуден үзілді-кесілді бас тартады. Осыдан кейін жобаны режиссер Вячеслав Котеночкин мен суретші  Светозар Русаковқа береді.
 
Мультфильм авторлары сериалды бірнеше рет тоқтатпақ болған. Алайда, көрерменнің қызығушылығы артқаны соншалық, олар бұл ойларынан қайтуға мәжбүр болған.
 
Мультфильмнің соңғы екі сериясы 2006 жылы түсірілді. Осыдан кейін режиссер Алексей Котеночкин (Вячеслав Котеночкиннің ұлы) персонаждарды «зейнетке» шығаруға шешім қабылдады. Оның ойынша, бұл кейіпкерлер қазір маңызды емес.

Хабарламаларға жазылу