Медициналық қызметтің сапасы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық қызметтің сапасы артады

22.08.2019

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. Оның сөзінше, келер жылы қаңтардың бірінен бастап реформа толыққанды іске асады. Осылайша медициналық қызметтің сапасын көтеріп, халыққа қолжетімділігі артады.

Емделушілер бұл бастаманың тиімділігін сезіну үшін жүйенің жұмысымен жете таныс болуы қажет. «Сондықтан ең әуелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына баса көңіл бөлеміз», - дейді мамандар.

Айбатыр Жұмағұлов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы:

Нақты айтсақ, 2019 жылы қала тұрғындарына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін тегін медициналық көмекке 114,9 миллиард теңге бөлінді. Келер жылы бұл сома 160,4 миллиард теңгеге жетеді деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан алда үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу