Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы офтальмологиялық диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы офтальмологиялық диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты

06.05.2019

Медицина саласындағы жекеменшік-мемлекеттік әріптестіктің болашағы зор. Денсаулық сақтау саласындағы олқы тұстарды кәсіпкерлер салған инвестиция толтырып, науқастарды заманауи құрылғылармен емдеуге мүмкіндік береді. Петропавлдағы офтальмологиялық орталыққа барған Мәжіліс депутаттары емдеу мекемесінің мүмкіндіктерімен танысып, дәрігерлермен жүздесті.

Бұл жерде көзге күрделі операция жасалады. Қазіргі күні орталықта 40 адам еңбек етеді, жылына 7000 адамды қабылдауға қауқарлы. Ең бастысы, мемлекеттік тапсырыс бойынша тұрғындарға ота тегін жасалады.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 6 дәрігер жұмыс тапқан. Орташа айлықтары 300 мың теңге. Ол облыс бойынша ғана емес, еліміз үшін жақсы көрсеткіш. Ең бастысы, 15 жылдан кейін мемлекет меншігіне беріледі.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу