Қазақстан мен Оңтүстік Корея медицина саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Оңтүстік Корея медицина саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады

23.04.2019

Бұл жұмыстар меморандум арқылы бекіді. Құжат аясында Кореядағы беделді мемлекеттік медициналық мекемелерде отандық дәрігерлерді дайындықтан өткізу жоспарланған. Кардиология, онкология, жедел медициналық көмек, репродуктивті медицина бойынша тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл бағдарлама екі елдің денсаулық сақтау саласындағы қарым-қатынасты күшейте түсетінін айтты. Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Пак Нын Ху біздегі денсаулық сақтау саласының электронды ақпараттық технологияға көшуін жоғары бағалады. Екі елдегі онкологиялық көмекті дамыту, азаматтарды жаппай скрингтен өткізу сынды жұмыстардың ұқсастықтарын айтты. Қол қойылған төрт құжаттың да біз үшін берері мол.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу