Шығыс Қазақстан облысында күйдіргі болуы мүмкін деген диагнозбен бір адам ауруханаға түсті. Қатонқарағай ауданындағы Кіші Нарын ауылының 60 жастағы тұрғыны медициналық көмекке осыдан бір апта бұрын жүгінген. Дәрігерлердің айтуынша, оның сол қолының бас бармағына жара шыққан.
Сырқаттан алынған сынамалардың алғашқы нәтижелері бойынша жұқпалы дерт расталған жоқ. Қазіргі уақытта тереңдетілген зертеулер жүргізілуде. Естеріңізге саламыз, былтыр осы ауылдың 47 жастағы тұрғыны сібір жарасынан көз жұмған болатын.
Хамит Елубаев, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:
Диагнозы күдікті күйдіргі ауры бойынша болды. Сол бойынша біздің Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары және облыстық инфекционист бірге барып, науқасты қарады. Бүгінде ол кісінің және онымен қарым-қатынаста болған 3 адамның жағдайы жақсы. Олар медициналық қадағалауда тұр.
Берік КӨШЕРБАЙ