Елімізде аутизм асқынып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде аутизм асқынып барады

04.04.2019

Былтыр елімізде 4 мыңнан астам баладан аутизм белгілері анықталған. «Сондықтан осы дерт тек Қазақстан емес, әлем жұртын алаңдатып отыр»,-дейді белгілі мамандар.

Алматыда Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпарат тарату күніне орай қайырымдылық шарасы өтті. Оған аутизмге шалдыққан 300-ге жуық науқас пен туған-туыстары жиналды. Қоғам белсенділері балаларға түрлі спорттық ойындар ұйымдастырып, емдеу орталықтарына сертификаттар табыс етті.

Айта кетейік, мегаполисте соңғы екі жылда қалалық әкімдіктің қаржылай қолдауымен мыңға жуық бала интенсивті курстан өткен. Ал 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін көмек көлемі екі есеге артқан.

Жанар Қаратай, әлеуметтік кәсіпкер:

- Аутизм қазір бүкіл әлемді алаңдататын мәселе екені анық. Ғалымдардың өзі бұл дерттің негізгі себебін анықтай алмауда. Сондықтан біз ерекше балаларға дер кезінде назар аударып, әлеуметтік қолдау көрсетуіміз қажет. Өйткені дерттің асқынуына әсер ететін жағдайлар өте көп.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу