Қызылорда облысындағы емдеу мекемелерінде санитарлық талаптар өрескел бұзылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы емдеу мекемелерінде санитарлық талаптар өрескел бұзылған

03.04.2019

Қызылорда облысындағы емдеу мекемелерінде санитарлық талаптар өрескел бұзылған. Науқастарға ем жасау кезінде бір-ақ рет  қолданылатын  қолғап бірнеше  адамға пайдаланылған. Бірреттік төсеніштер де ауыстырылмайды.

Ауруханалардың асханасы мүлдем сын көтермейді. Бұл олқылықтар «Ақмешіт-адалдық алаңы»  жобалық  тобы жүргізген мониторинг кезінде  анықталды. Олар 20 емдеу мекемесінде болды, барлығына ортақ кемшілік көп.

50-ден астам заңсыз құжат әзірлеу фактісі әшкереленді. №086 үлгісіндегі анықтамалар заңсыз жасалған. Бұл бойынша құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция органдарына жолданды. 

Жандос Тұсмағамбетов, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Барлық ауруханаларда тамақтану мәселесі кездеседі. Етсіз тамақтың берілуі, еттің орнына тауық етінің берілуі, мысалы, немесе мүлдем ет өнімдерінің болмауы деген сияқты мониторинг барысында кездесті. Әр ауруханада тамақты беру мөлшері әртүрлі бірақ, стандарт ортақ. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу