Мемлекеттің есебінен оқып жатқан медицина мамандары кемінде 3 жыл осы салада жұмыс істеуге міндеттелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттің есебінен оқып жатқан медицина мамандары кемінде 3 жыл осы салада жұмыс істеуге міндеттелмек

28.03.2019

Биылдан бастап мемлекеттің есебінен оқып жатқан медицина мамандары кемінде 3 жыл осы салада жұмыс істеуге міндеттеледі. Қолданыстағы заңнамаға осындай норма енгізілді. Бұл туралы бүгін Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл бастама Қазақстандағы медицна мамандарының тапшылығы шешеді. Мәселен, бүгінде еліміз бойынша емханаларда  мыңнан астам учаскелік дәрігер жетіспейді. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша маман тапшылығы қатты байқалады. Сондықтан, мемлекеттік грантпен оқыған мамандарды бірінші кезекте ауыл-аймақтарға бағыттауға басымдық берілмек.    

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қазіргі таңда әрине, үлкен мәселе ол медициналық қызметтің сапасы және қолжетімділігі. Елбасы әрқашан айтады, біз осы мәселені шешу үшін ең бірінші алғашқы медициналық көмек деңгейін дамытуымыз қажет. Оның себебі алғашқы медициналық көмек жалпы әрбір азаматтың ең бірінші, ең маңызды денсаулық мәселесін шешуге арналған. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу