Олардың барлығының жағдайы ауыр. Ал жалпы, соңғы бір аптаның ішінде елде 438 адам қызылшаға шалдыққан. Тізімді Астана бастап тұр. Елордада 99 оқиға тіркелді. «Осыған байланысты қазір ауруханаларға қосымша кереуеттер қойылып жатыр», деп мәлімдеді Бас санитар Жандарбек Бекшин. Жалпы, елде қызылша ауруына шалдыққандардың саны көбеюде. Былтырғы жылмен көрсеткішпен салыстырсақ 6 есеге өскен. Өткен жылы жыл басында 576 оқиға тіркелсе, биыл жыл басталғалы 3308 адам қызылша жұқтырған. Осыған байланысты, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы қазақстандықтарды вакцинадан өтуге шақырып отыр. Жоспар бойынша екпе 1-сәуірден басталмақ.
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Астанада таралып жатқан қоздырғыштың стеоратиптері ешқашан Қазақстанда болған жоқ. Сондықтан да, иммунитеті төмен адамдар осы ауруға шалдығу мүмкіндігі көбейеді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ