Аса күрделі операцияны алматылық нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев жүргізді. 2,5 мыңнан астам адамды аман алып қалған білікті дәрігер әріптестеріне шеберлік сағатын өткізіп, таңдаулы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Катетер құрылғысы арқылы жасалған операцияның ерекшелігі сол - артық қан кету болмайды. Әрі науқас тез оңалады. Бүгінде көмекке жүгінген тұрғынның жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, 100 мың адамның жеті-сегізі ғана осындай емге зәру болуы мүмкін. Алдағы уақытта мұндай жауапты операцияны өңір дәрігерлері өздері жасайды.
Сайын Шомыров, облыстық аурухананың директоры:
- Бұл Атырау облыстық ауруханасында бірінші рет жасалып отырған операция болғандықтан, Мыңжылқы Сайлауұлын әдейілеп шақырдық. Алдағы уақытта осындай операцияларды өзіміз жасаймыз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.