Жаңашылдықты Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамалжан Надыров жария етті. Осындай қадам арқылы басқарма заңсыз саудаланатын анықтамалардың жолын тежемек. Кез келген жұмыс беруші анықтаманың QR-кодын сканерлеу арқылы құжаттың жасанды не түпнұсқа екеніне көз жеткізе алады.
Қамалжан Надыров, Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
- Қазіргі таңда барлық медициналық құжаттардың 70 пайызы цифрлық жүйеге көшті. Кейбір емханаларда бұл көрсеткіш 90 пайызға жетті. Бірнеше ай ішінде барлық құжатты сандық форматқа көшіреміз. Осылайша, дәрігерлерді жазу жазудан арылтамыз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.