Қазақстанда жүрекке жасалған отаға 60 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жүрекке жасалған отаға 60 жыл толды

22.01.2019

Содан бері елімізде адамның ең маңызды ағзасына 30 мыңнан астам операция жасалған.

Осы себепті, тәжірибемен бөлісу үшін ардагер кардиологтар мен жас мамандар симпозиум өткізді. Жарты ғасырдан аса уақытта кардиологтар медициналық құрылғылардың мүмкіндігінің артқанын жеткізді. Бұл өз кезегінде күрделі оталардың өзін жылдам әрі оңай жасауға жол ашқан. «Сондықтан цифрлық технологияның жетістіктерін пайдалану жалғаса береді», дейді дәрігерлер. 

Рүстем Мұхтарұлы, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің басшысы:

- 60 жыл бұрын Қазақстанда, Орталық Азияда ең бірінші жүрекке ота жасалған. Соған байланысты симпозиум өткізіп жатырмыз. Кезінде сол операцияға қатысқан адамдар симпиозиумға қатысып, сол кездегі сезімін, пікірін білдіріп, жас кардиохирургтарға айтып берді.   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу