Елімізде балалар мен нәрестелердің өлім-жітімі екі есе азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балалар мен нәрестелердің өлім-жітімі екі есе азайды

14.01.2019

Алматыда өткен басқосуда педиатор-дәрігерлер осыны айтты. Мамандардың сөзінше, балалар арасындағы ауруларды болдырмауға арналған жұмыстар оң нәтиже беріп келеді. Алайда, дәрігерлер елімізде педиатрия факультеттерін жапқаннан кейін бала денсаулығын сақтауда бірқатар мәселелер туындағанын жеткізді. Десек те, бұл саланы жетілдірудің жолдары қарастырылып жатыр.

Жанар Сауранбаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрайымының міндетін атқарушы:

- Балалардың денсаулығын қорғау қоғам үшін де, мемлекет үшін де өте маңызды екені баршаға мәлім. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында балалардың өлім-жітімін азайту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынды. Нәтижесінде, он жылдың ішінде елімізде балалар өлімі екі есеге, нәрестелер өлім-жітімі 2,6 есеге қысқарды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу