Астанада қызылша жұқтырған балалар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қызылша жұқтырған балалар көбейді

07.01.2019

Астанада бүгін қызылша ауруы болуы мүмкін деген күдікпен 105 бала және 42 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Бірақ, сала мамандары жағдай тұрақты әрі бақылауда екенін айтты. Жалпы, қызылша 2-3 жыл сайын асқынып, қараша мен наурыз аралығында қозатын ауру. Оның негізгі белгілері дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, жөтел тұмауға ұласады. Әрі қарай бөрту басталады. Сол кезде дереу дәрігерге қаралған дұрыс. Қалада осы жұқпалы аурудан қараша айынан бері 500-ден астам жеткіншек жазылып шықты. Дені 1 жасқа толмаған сәбилер. Өйткені, оларға вакцина салынбайды. Сондай-ақ, аталған аралықта жасы 30-дан асқан 122 адам емделген. Олардың да қызылшаға қарсы егілмегендері анықталды.    

Сәдуақас Байғабұлов, қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы:

- Бұл классикалық түрі. Еш қаупі жоқ. Ем тек 7-8 күн жүргізіледі, жеңіл түрде өтеді. Ауруханалар стандартты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Жағдай тұрақты. Ал, кеңесім ата-аналар вакцинация жасатып, балаларын егуден өткізсін.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу