Алматыда педиатрлар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда педиатрлар бас қосты

27.12.2018

«Клиникалық зерттеулердің денсаулық сақтау саласындағы рөлі». Алматыда осындай атаумен педиатрлардың басқосуы өтті. Жиында мамандар осы саланың елімізде кенже қалғанын айтты. Дегенмен, клиникалық зерттеулер балалар арасындағы өлім-жітімді азайтуға мол мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан, білікті кадрлар аталған заң аясында жүйелі жұмыс жүргізбек.

Риза Боранбаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының төрайымы:

- Әлемнің дамыған елдерінде клиникалық зерттеулер жасау бұрыннан жолға қойылған. Мәселен, АҚШ, Еуропа мемлекеттерінде. Көрші Ресейде де бұл бағытта жұмыс жүйелі жүргізіледі. АҚШ-та жылына 10 мың клиникалық зерттеу жасаса, бұл көрсеткіш көрші Ресейде 1000-ға жетеді. Бізде бұған дейін мұндай мүмкіндік болған жоқ. Енді клиникалық зерттеулер туралы заң қабылданғаннан кейін мол мүмкіндіктер берілді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу