Алматы облысында акушер-гинеколог және анестезиолог мамандар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында акушер-гинеколог және анестезиолог мамандар тапшы

12.12.2018

Алматы облысындағы ең өзекті мәселелердің бірі - дәрігер мамандардың жетіспеуі. Өңірде әсіресе акушер-гинеколог және анестезиолог мамандар тапшы. Мәселені шешу үшін, әкімдік елдегі медициналық оқу орындарымен әріптестік орнатып, өңірге оқуды жаңа бітірген түлектерді тартпақ. Бұл туралы бүгін тілшілермен кездескен облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының мәліметінше, өткен жылы 6 айда Алматы облысында 4 нәресте өлімі тіркелген, мұндай факті биыл да бар. Негізгі себептің бірі - дәрігерлердің жетіспеушілігі. Өңірде 74 акушер-гинеколог, 47 анистезолог маман тапшы.

Мәселені шешу үшін облыс әкімі Асфендияров атындағы медициналық университетпен әріптестік орнатқан. Қазірдің өзінде 100-ден астам жаңа бітірген түлекті жұмысқа тарту келісілген.

Дәрігерлер мен ұстаздардың баспана мәселесін әкімдік «7-20-25» бағдарламасы арқылы да шешпек. Бастапқы жарнаны азайту үшін жылына 1 миллиард теңге қаржы бөліп тұрмақ.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу