Алматыда қант диабетіне шалдыққан балаларға дәрі-дәрмек қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қант диабетіне шалдыққан балаларға дәрі-дәрмек қажет

26.11.2018

Бүгін олардың ата-аналары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көмек сұрады. Тарқатып айтсақ, науқас балаларға бұрынғыдай дәрі-дәрмек тегін берілмейді. Себебі, Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетінің 1-ші түрін әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімінен алып тастаған. Ведомствоның аталған бұйрығы 2017 жылдың 11 желтоқсанында шыққан екен. Науқасқа шалдыққан балалардың ата-аналары оған түбегейлі қарсы. Көпшіліктің талабы - медициналық сақтандыруға қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекке қол жеткізу. Адам қанындағы қант мөлшерін қалыпты деңгейде ұстайтын препараттың орташа құны 30 мың теңгеден кем емес. Қазір елімізде сусамыр диагнозы бойынша 3076 бала тіркеуде тұр. Дәрігерлер «қауіпті аурудың ақыры адамды зағиптыққа, тіпті сал ауруына душар етеді», - дейді.

Адима Тәнекенова, ата-ана:

- 12-ден 16 жасқа дейін дайын болуы керек. Өйткені, баланың гормондары өседі. Бір ата-ана ауданнан 33 мыңға сатып алдық деп айтты. Біз Алматыда тұрғаннан кейін мұнда бір баға, ауыл жақтарда, облыс жақтарда басқа баға болады.

 

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу