Халықты спирттік ішімдіктердің зияны туралы ақпараттандыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты спирттік ішімдіктердің зияны туралы ақпараттандыру керек

16.11.2018

Бұл туралы денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жиында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Олег Честнов айтты. Халықаралық ұйым өкілі бұл мәселемен күресте шектеу қоюдан гөрі алдын алу шаралары көп нәтиже беретінін айтты. Яғни, халыққа спирттік ішімдіктерді ішпе деп жекіргеннен гөрі оның зияны мен салдары туралы ақпараттандыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сай, Қазақстан Орта Азиядағы жан басына шаққандағы алкоголь өнімдерін көп тұтынатын елдердің қатарында. 

Олег Честнов, Дүниежүзілік денсауылық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі:

- Қазақстанға маскүнемдікпен күресті күшейтетін кез келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жұмысқа атсалысады. Бізде тиісті құралдар бар. Денсаулық сақтау министрімен жиі кездесіп тұрамын. Ол маскүнемдікпен күреске қосымша қаржы бөлетін болады. Бұл құптарлық бастама.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу