Астанада «Денсаулық – 2018» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Денсаулық – 2018» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады

31.10.2018

Осымен 15-рет өткізіліп отырған шараға Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Иордания, Қытай мен Финляндиядан 60-тан астам компания қатысып жатыр. Шетелдіктер өздерінде шығаратын өнімдерін жұртшылыққа таныстыруда. Олар түрлі медициналық, диагностикалық және зертханалық жабдықтар, кешенді оңалту құралдары, жиһаз, фармацевтика өнімдері мен балалар тағамдары. Бұған қоса, жиын барысында дұрыс тамақтану мен сұлулықты сақтау туралы дәрістер оқылмақ. Арнайы мамандар медициналық нысандарды жобалау жөнінде де ақпарат береді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, көрмеге қатысушылар өз жетістіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасады. Нәтижесінде шетелдік компаниялар қазақстандық дистрибютерлермен ұзақ мерзімдік серіктестік қатынастарын орнату мүмкіндігіне ие болмақ. 

Әлия Рүстемова, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Медицина саласы қарқынды дамып жатыр. Екі жыл бұрынғы шыққан құралдар қазір маңыздылығын жоюы мүмкін. Себебі, оның орнын жаңа, заманауи тауарлар алмастырады. Осы тұрғыдан келгенде, бұл көрме өте тиімді. Медицина мамандары өздеріне керекті заттарына шетелдік компаниялар арқылы тапсырыс бере алады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу