ШҚО-да Сібір жарасының таралуына кінәлі деп табылған 2 адам жұмыстан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да Сібір жарасының таралуына кінәлі деп табылған 2 адам жұмыстан босатылды

23.10.2018

Шығыс Қазақстанда Сібір жарасының таралуына кінәлі деп табылған 2 адам жұмыстан босатылды. Катон-Қарағай ауданында мал-дәрігерлік және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмағаны үшін ветеринария бөлімінің басшысы қызметінен кетті. Сонымен қатар, Солонов мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі де жұмысымен қош айтысты. Осы өңірдегі төрт түліктің саулығына жауапты тағы бір адам қатаң ескерту алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Кіші Нарын ауылының тұрғыны Сібір жарасын жұқтырып, Өскемендегі ауруханада көз жұмған. Қауіпті дерттің шығу себептерін анықтап, ошағын жою үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Бүгінде тексеру толығымен аяқталып, жұмысына салғырт қараған адамдар жауапкершілікке тартылды. 

Тілек Бапинов, облыстық Ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Катон-Қарағай аудандық Ветеринария бөлімінің басшысы толық бақылау жүргізбегені, жұмысты дұрыс ұйымдастырмағанына байланысты жұмыстан босатылды. Бүгінгі таңда эпизотикалық жағдай тұрақты. Сібір жарасы бойынша жаңа ошақтар жоқ, бәрі бірқалыпты, жағдай жақсы.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу