Елімізде жедел-жәрдем қызметінің жұмысы жақсарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жедел-жәрдем қызметінің жұмысы жақсарды

16.10.2018

Бұл - жедел жәрдем жүйесін реформалаудың айқын нәтижесі. Елбасы өз Жолдауында денсаулық сақтау ісін барынша жандандыруды тапсырған болатын. Ал, алғашқы көмек - бүкіл саланың басты көрсеткіші болып саналады. Аталған реформа бойынша жеделдігі жағынан 4-ші санатқа жататын шақыртулар жергілікті емханаларға берілген. Нәтижесінде, қаржылық және өзге де ресурстар емханалар мен жедел жәрдем станциялары арасында қайта бөліске түседі. Ал, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтің, соның ішінде жедел жәрдем ақысын толық әрі дер кезінде төлеп отыр. 2018 жылдың басынан бері халыққа қызмет көрсеткен отандық жедел жәрдем станцияларына 22 млрд. 400 млн. теңге төленді. Ал, көлік жүргізушілердің әрекетінен жедел-жәрдем қызметіне деген оң көзқарас байқалады. 

Бауыржан Жүсіпов, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы:

- Жедел медициналық қызмет модернизациялағаннан кейін көрсеткіштер жақсы жағына өзгерді. Тек дизайн өзгерту ғана емес, машиналардың арнайы сигналы да күшейтілді. Бұл жол жүру кезінде жолды босатып, олардың тез жетуіне мүмкіндік береді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу