Аудандық онкологтардың еңбекақысы артатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудандық онкологтардың еңбекақысы артатын болды

12.10.2018

Үкімет осы және басқа да мәселені қамтыған өңірлерді дамыту бойынша кешенді жоспарды бекітті. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан онкология және паллиативті көмектің өзекті проблемаларына арналған халықаралық конференция барысында айтылды. Жауапты мамандардың айтуынша, енді онкологтардың айлығы жұмыс нәтижесіне қарай анықталмақ. Дәлірек айтсақ, ауру асқынбай тұрып ерте анықталған әрбір ауру үшін онкологқа қосымша ақы төленеді. Қазір де науқастар қатерлі ісік анықталғанға дейін қате қойылған диагнозбен сандалып, көп жүріп қалатындарына көп шағымданады екен. Ал, енді аты жаман ауруды ерте анықтауға науқаспен қоса, дәрігер де мүдделі болады. 

Бақтыбай Оразбеков, Астана қалалық онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ауырғанның себебі өте көп. Біріншіден, вирустық және бактериялогиялық этиология. Стрестің өзі де маңызды рөл ойнайды. Сосын қоршаған орта. Ең бастасы, түтін. Егер Астанада жел болмаса, аспанды түтін торлап тұрып алады. Оның өзі де әсер етеді. Ал, тұқым қуалаушылық ең маңызды себеп.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу