Елімізде инфекциялық аурулар бойынша жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде инфекциялық аурулар бойынша жағдай тұрақты

04.10.2018

Елімізде инфекциялық аурулар бойынша жағдай тұрақты. Халықты иммундау жоспарлы түрде жүріп жатыр. Мәселені бақылауды өз қолына алған вице-министр аймақтармен бейне конференция арқылы кездесті. Мамандардың айтуынша, соңғы уақыттары тұрғындардың вакцинацияға деген оң көзқарасы байқалады. Оған осы жылдың басынан бері 2300-ге жуық адамның екпе қабылдағаны дәлел. Ал, 2016 жылдары ел бойынша 250 адам ғана инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация алған. Отырыста емдеу ұйымдарының тұмау маусымына дайындығы, оған қарсы вакцинациялау, стационарлық көмек көрсетуге дайындықтары да пысықталды. Вице-министр жұқпалы аурулардың өршитін маусымында дәрігерлерге халыққа барынша көмек көрсетуді тапсырды.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитар дәрігері:

- Барлық инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деп айтуға болады. Тамыз айының 30-нан осы күнге дейін бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Тек қана бір жағдай Ақтөбеде болды. ПЦР және бактериологиялық зерттеу бойынша менингококк инфекция диагноздары анықталған жоқ.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу