Елімізде алғаш рет көздің мүйізгек қабығына операция жасалды. Мұны Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының білікті дәрігерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, іске асырды.
Олар алдымен көздің қасаң қабығына химиотерапия әдісін жүргізді. Сөйтіп, жаңа инновациялық технологиялардың көмегімен 5 науқасқа күрделі ота жасады. Оған біздің мамандар әлемге танымал көз дәрігері Паоло Феррараны арнайы шақырды. «Мұндай операция емделушілердің көздерін сақтап қалып, жақсы көруіне зор мүмкіндік береді», - дейді офтальмологтар.
Марат Сүлейменов, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры:
- Қазақстанда көз қабығына жасалған алғашқы операция. Озық технологияны қолдандық. Мұндай операция көздің мөлдір қабығы мен қарашығын жауып тұратын қабаты зақымданған кезде жасалады. Енді әрі қарай біз осы отаны жиі жасаймыз, деп отырмыз. Сондықтан, науқастар шетел асып, қыруар қаражат шығындамай-ақ, өзімізде емделе алады.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.