Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы қыз менингиттен қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы қыз менингиттен қайтыс болды

27.09.2018

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қаза болған науқаста әуелі суық тию белгілері болған. Оған «катаральды ангина» диагнозы қойылып, содан емделеді. Тәуір болғаннан кейін қайтадан Көкшетауға оқуына кетіпті. Кейін студент қыз аяқастынан оқығысы келмейтінін айтып, үйіне келеді.  Екі күннен кейін жағдайы нашарлаған ол ауруханаға түсіп, кеше көз жұмды.

Дәрігердің айтуынша, ауа райының бір суытып, бір жылуы да осындай вирустың өршуіне әкеліп соғуы мүмкін. Ақтөбеде де 5 жасар қыз балада осы жұқпалы вирус анықталған. Оған ауру анасынан жұққан көрінеді.

Ал, Алматының Қаскелең ауданында үш оқушы аталмыш дертке шалдыққан. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Жалпы жыл басынан бері 700-ге жуық адам менингитпен ауруханаға түскен. Көбі 14 жасқа дейінгі балалар. 

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Стресс, дұрыс тамақтанбау, иммунитеттің төмендеуі және ауа райына байланысты. Сондықтан, суық тиген кезде бұл факторлар аурулардың шығуына әсер етеді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу