Денсаулық мәселелері жаңа заңмен реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық мәселелері жаңа заңмен реттеледі

21.09.2018

Парламенттің төменгі палатасы Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов саладағы заңдарға өзгерістер енгізуді қарастыратын жобаларды таныстырды. Министр осы орайда Әкімшілік кодекстен медициналық көмек көрсету талаптарын сақтамаған жағдайға байланысты дәрігерлерді жауапкершілікке тартуды қарастыратын тармақты алып тастауды ұсынды.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстегі қызметтік құқығынан үш жыл мерзімге дейін айыру тармағын бір жылға ауыстыру қажеттігін тілге тиек етті. Елжан Біртанов тегін медициналық көмекке қатысты да өз пікірін білдірді. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Тегін медициналық көмектің шеңберінде медициналық көмек амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуді және стационарлық көмекті қоса алғанда барлық азаматқа, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтарға толық көлемде ұсынылады. Бұл ретте медициналық сақтандыру пакеті тегін медициналық көмек пакетімен салыстырғанда, 42,4 мың теңгеге артық болады. Мысалы, қазір тегін медициналық көмектің көлемін бір адамның басына бөлсек 50 мың теңге болады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу