Соңғы кездері ЭКО жасататын жастардың саны артыпты. Бұл мәліметті «Экомед» орталығының директоры Салтанат Байқошқарова айтты. Өзекті мәселе Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысына талқыланды. Репродуктологтың айтуынша, қазіргі жастардың ЭКО-ға деген көзқарасы жоғары. Себебі, олар бала болмаған жағдайда, бірнеше жыл емделіп немесе әулиелерді жағалап, уақыт кетірмейді. Бірден ЭКО-ға келеді. Сол себепті, ерлі-зайыптыларда балалы болу мүмкіндігі мол болады. «Кейбір келіншектер уақытын қазақы ем жасаумен өткізіп алады», - дейді дәрігер.
Көбі 40-тан асқан соң келеді. Ал, ол уақытта әйелде бала көтеру мүмкіндігі аз болады. 2010 жылдан бері бұл мәселені мемлекет тікелей бақылауына алып, квота бөле бастады. Алғашқы жылдары жылына 100 квота беретін болса, қазір ол 900-ге өсіпті. Бір квота үшін мемлекет 700 мың теңге бөледі. 2020 жылдан бастап бедеулік дертіне тап болған әйелдердің барлығына тегін ЭКО жасау мүмкін болмақ.
Салтанат Байқошқарова, ҚР Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлтттық комиссияның мүшесі:
- Бізге келіншектердің 40 пайызы аналық ұрық тапшылығымен келеді. Өйткені, жасын ұлғайтып алған. Көптеген жылдар бойы емделген, бірнеше операциядан өткен. Сондықтан, олардан бірден нәтиже алу мүмкін емес.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
