Жамбыл облысында «Денсаулық жолы» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Денсаулық жолы» акциясы басталды

16.07.2018

Кардиолог, онколог және эпидемиолог дәрігерлерден құралған 30-ға жуық білікті маман 5 күн бойы аудандарды аралап, халыққа тегін медициналық қызмет көрсетпек. Елімізде жүрек-қантамыр аурулары мен қант диабетіне шалдыққандар көбейіп кетті. Дұрыс тамақтанбау мен алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс қолдану аталған дерттің дендеуіне жол ашады. Аурудың алдын алу үшін мамандар 10 күнге арналған «Саламатты әдеттер» марафонын ұйымдастырды. Қатысушылар осы уақытта фасфуд өнімдерінен, газдалған сусындар, кондитерлік тағамдардан бас тартуы тиіс. Оның орнына көкөніс пен жеміс-жидек жеп, күніне 2 литр су ішуі қажет. Осы тапсырмаларды күнделікті орындау арқылы әр адам өз денсаулығын нығайтатын болады.  

Арай Көпбосынова, қала тұрғыны:

- Өте жақсы өтуде. Дұрыс тамақтану жайында көптеген мағлұматтар алып жатырмыз. Зиянды нәрселерден аулақ болу үшін халыққа бұл өте қажет деп ойлаймыз.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу