Жамбыл облысында 8-маусымнан бастап менингитке қарсы екпе жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 8-маусымнан бастап менингитке қарсы екпе жасалады

06.06.2018

Өңірдегі жағдай қазір тұрақты. Өлім-жітім жоқ. Тек жыл басынан бері 1 адам осы ауру түрімен сырқаттанған. 2016 жылы 6 адам, былтыр 3 адам осы инфекцияны жұқтырған екен. Қазір алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға өз бетімен ем қабылдамауға, иммунитетті нығайтуға, адам көп шоғырланатын жерлерге бармауға кеңес берілуде. Инфекциялық ауруларды емдейтін ауруханалар менингит белгісі байқалған науқастарды қабылдауға дайын. Аудандардың барлығында арнайы штаб құрылды.

Марат Жұманқұлов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ауруханалардың барлығында реанимациялық бөлімшелер қарастырылған. Аудандар инфекционистермен, дәрігерлермен толық қамтылған. Ауруханалар керекті дәрі-дәрмек, дезсұйықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен толық қамтылып отыр.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу