Түрік дәрігерлері сүт безінің қатерлі ісігін емдеудің тиімді тәсілін ұсынды. Олар Ақтөбеде бірнеше отаны тегін жасады. Анкаралық мамандар сүт бездерін толық алып тастамай-ақ, ісіктің басты лимфалық түйінін табады. Бұл науқас денсаулығының тезірек қалыпқа келуіне бірден-бір себеп. Алдағы уақытта түркиялық хирургтер әріптестік аясында өзге де инновациялық технологияларды енгізуі мүмкін. Елімізде жыл сайын төрт мыңнан астам адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады. Ал, Ақтөбе облысында бұл ауру жылына 100-ден астам әйелден анықталып отыр.
Седат Иылдырым, хирург-маммолог /Анкара, Түркия/:
- Әдеттегі ота жасау кезінде қатерлі ісікті хирургиялық жолмен кесу үшін сүт бездері толық алынып тасталатын. Ал, біздің бүгінгі технология отадан кейінгі асқынуды болдырмайтын, стационарлық ем алу уақытын азайтып, әйел денсаулығының тез қалыпқа келуін қамтамасыз етеді.
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.