Дисбиозды емдеудің тиімді тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дисбиозды емдеудің тиімді тәсілі

06.04.2018

Бүгінде әлем ғалымдарын дисбиоз дертін емдеу мәселесі алаңдатып отыр. Бұл түрлі антибиотиктерді дұрыс қолданбаудың салдарынан туындайтын дерт. Осы мақсатта әлемдік фармацевтика саласындағы көшбасшылардың бірі «Teva» компаниясы Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында дисбиозды емдеудің тиімді жолдары туралы жиын өткізді. Оған отандық және ресейлік мамандар қатысып, күрделі мәселе жайлы дәрігерлердің ақпараттылығын арттырды.

Ғалымдарды толғантқан дисбиоз дерті көп жағдайда адамдардың антибиотиктерді дұрыс қолданбауының салдарынан пайда болады. Ол инфекциялық ауруларға деген сезімталдықты арттырып, ағзаның әлсізденуіне әкеледі. Ал, дисбиозға шалдыққан науқастарға дәрігерлер антибактериялық дәрілермен қатар қажетті метабиотиктерді дұрыс тағайындауы маңызды. Өйткені, осы салада 20 жылдық тәжірибесі бар ресейлік ғалым «дисбиозды емдеудің әзірге ең тиімді тәсілі осы»,-дейді.

Антонина Плоскирева, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

Антибактериялық препараттар түрлі инфекциялық ауруларды емдеуге арналған. Қазір көптеген қауіпті дерттерді олардың көмегінсіз жеңу қиын. Бірақ, кейде антибиотиктер ағзаға кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан микрофлоралардың қызметі бұзылып, дисбиоз дерті туындап, иммунитет әлсірейді. Сондықтан, осы саладағы дәрігерлер науқастарға метабиотиктерді дұрыс ұсына білуі керек.

Жиында метабиотиктердің әртүрлі жастағы науқастарға әсер етуінің ғылыми негіздемесі қаралды. Өйткені, бұл препараттардың құрамында пайдалы бактериялардың метаболизмі болғандықтан, ішек микрофлорасын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Еліміздегі осындай метабиотиктердің бірі - «Тeva» компаниясы ұсынып отырған «Хилак форте» препараты. Ол ағзаның қорғанысын күшейтіп, микрофлораның жұмысын жақсартады. Компания осындай сапалы дәрілермен бүгінде әлемнің 60-тан астам елін қамтамасыз етіп келеді.

Ғалымжан Қожаханов, «Teva» компаниялар тобының «Ратиофарм» ЖШС бас директоры:

Біздің мақсат - қазақстандықтарға жоғары сапалы дәрі-дәрмектер жеткізу. Өйткені, қазір фармацевтика нарығында препараттардың түрі көп. Дәрігерлер оның әр науқастың организміне әсері мен күнделікті көрсеткіштерін біліп отыруы тиіс. Сондықтан, осындай жиындар отандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін зор мүмкіндік береді.

«Teva» компаниясы - Қазақстан нарығында 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан 200-ден астам өнімді соның ішінде «Хилак форте», «Амбробене», «Ново-Пассит» сияқты дәрілерді қолжетімді етіп отырған ірі компаниялардың бірі. Компания бір жыл бұрын өзінің ақпараттық порталын да ашқан. Сол арқылы осы ауқымды жиынға қатыса алмаған дәрігерлер порталға тіркеліп, конференцияның веб-нұсқасын көре алады.

Амангелді СЕЙІТХАН                        

Хабарламаларға жазылу