Астанада балаларға арналған «Онкология-3» бөлімшесі ашылды
Бүгін Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «Онкология-3» бөлімшесі ашылды. Мұнда аты жаман ауруға шалдыққан бүлдіршіндер емделеді. Қайта жөндеуден өткен бөлімше бөлмелері мен дәлізі түрлі-түсті, қызықты суреттермен безендірілген. Шетелден жеткізілген жиһаздары да талапқа сай. Игі істі еріктілер өз күшімен іске асырды. Мекеме тарапынан ешқандай қаржы жұмсалмаған. Шара соңы мерекелік концертке ұласып, Астана циркінің артистері сырқаты ауыр сәбилерді күлкіге қарқ қылды. «Бұл науқас балалардың көңілін көтеріп, алып жатқан емінің шипасын арттырады», – дейді, мамандар.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24