Қостанай қаласының жедел жәрдем станциясы жеті жаңа көлікпен толықты. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 223 млн. теңге қаражат жұмсалды. Реанимобильдер қажетті құрылғылармен толық жабдықталған. Науқастарға халықаралық талаптарға сай көмек көрсетіледі. Бүгінде облыс бойынша барлығы 39 жедел жәрдем автокөлігі бар. Соның 16-сы облыс орталығында қызмет көрсетеді. Жалпы, өңірдің жедел жәрдем бекетіне жыл сайын 1 млрд. теңге бағытталады.
Сергей Стасин, Жедел жәрдем станциясының дәрігері:
- Көлік ішінде өкпенің желдетілуін қамтамасыз ететін жасанды аппарат, электрокардиограмма, дефибриллятор құрылғылары орнатылған. Реанимация жасауға қажетті жабдықтардың бәрі бар. Яғни, науқасқа медициналық көмекті стационарға жеткенше көлік ішінде көрсете беруге болады.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ