Мұндай жаңалық Денсаулық сақтау министрлігі стандарттарымен сәйкестендірілген. Министрлік өкілдерінің сөзінше, машиналарды ашық түске бояу арқылы медициналық көмектің жеделділігін қамтамасыз етуге болады. Яғни, сары түсті өзге жүргізушілер алыстан көріп, жол береді.
Алдағы жылы тек машиналардың түсі ғана емес, жедел жәрдем қызметкерлерінің формасы да жаңармақ. Сарапшылардың пікірінше, осындай өзгерістер халықаралық тәжірибеге сай енгізіліп отыр.
Кевин Фрик, Қазақстандағы медициналық жедел жәрдемді жаңғырту бойынша комиссия төрағасы:
- Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Америка және Еуропа тәжірибесін енгізіп. Жедел жәрдем көліктерінің жаңа сары түсі арқылы оған өзге жүргізушілер жол беретін болады. Бұл реңк күндіз де, түнде де жақсы көрінеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ