Басты Жаңалықтар Қызылордалық Ділнәз Әбдіхалықоваға көмек керек

Қызылордалық Ділнәз Әбдіхалықоваға көмек керек

Тоғыз жасар науқас қыздың анасы Ұлттық арна тілшілеріне хабарласып, Алматыға арнайы келді. Дәрігерлер Ділнәзді дендеген дерттің нақты диагнозын анықтай алмай отыр. Тек белгілісі, оның гармондық ауытқулары бар. Басындағы судың құрамы көбейіп, миын жиі қысады. Сол себепті, ол артық салмақ қосатын көрінеді. Тоғыз жасар қыздың қазіргі салмағы 73 келіден асады.

9 жасар қызының денсаулығына алаңдаған ана қазір Алматыдағы туыстарының үйінде жатыр. Ділнәз дүниеге келгенннен бері аурудан көз ашпаған. Мазасы қашқан ата-анасының бармаған жері жоқ. Ал, оның ем-домы үшін әлеуметтік жағдайлары да мәз емес. Әкесінің айлығы небәрі 50 мың теңге. Тек мемлекет тарапынан баланың мүгедектігі үшін қаржы бөлінеді. Бірақ, аз қаражат көпке жетпейді.

Гүлнәр Әбдіхалықова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

- Мен үш айдың ішінде 360 памперс сатып алдым. Бір күнде 6-7 памперс пайдаланамыз. Үлкен дәретін білмейді ғой. Шығып кететінін. Сіңірінің түйілуіне, мұрнынан қан кетеді, құсады, соған дәрі аламыз.   

Ділнәз сабақты үйде оқиды. Өте зерек. Ұстаздың айтқанын лезде қағып алатын қағілез. Бірнеше өлеңді жатқа айтады. Енді шет тілдерін үйреніп жүр. Ағылшын тілінде тәуір сөйлейді. Бойжеткен соң аудармашы болуды армандайды.

Ділнәз Әбдіхалықова:

- Қазақ тілі, әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі. Ағылшын тілінің аудармашысы. Мен басқа балалар сияқты ойнағым келеді, жүргім келеді. 

Қыздың басындағы су мөлшерін азайту үшін «КСФ» деп аталатын динамикалық аппаратқа түсіру керек. Өкінішке қарай, бұл құрылғы біздің елде жоқ. Тек Түркияның Стамбул қаласындағы орталықта бар екен. Олар «қаржысын төлесеңіздер, баланы қабылдауға әзірміз», депті. Алайда, жол мен жатын орынның шығынын есептемегенде, аппаратқа түсу үшін жұмсалатын қаржы 5 200 АҚШ доллары тұрады.

Гүлнәр Әбдіхалықова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

- Ділнәзға көмек беріп, балалық дәуренін, балалық шағын, мектепте басқа балалармен ойнап, өз аяғымен жүгіріп кетуіне қолдау білдірсіңіздер. Сол үшін сіздерден көмек сұраймын. Өзіміздің қаражатқа шамамыз келмей жатыр. Қазақстан қалалары болса, барар едік. Түркия жақын жер емес.

«Киви кошелек» нөмірі 8 705 432 84 13. Ділнәздің анасында да дәл осы нөмір. Егер көмек беремін деген жомарт жандар болса, осыған хабарласа алады. Ал, қыздың ата-анасы емге қажетті қаржы жиналса екен, деп тілейді. Сондықтан, олар үміттерін үкілеп, Алматыға келді.

 

Мирас МҰҚАШ

Бөлісу