Қатерлі ісік - жазылмайтын кесел емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатерлі ісік - жазылмайтын кесел емес

13.12.2017

Алматыда өткен семинарда отандық онкологтар осыны айтты. Шараға көрші Ресей мен Украинаның дәрігерлері арнайы келіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жаңа медициналық құрылғыларды пайдаланудың тиімділігін түсіндірді. «Себебі, қазір қатерлі ісікке операция жасауда халықаралық тәжірибені игерудің маңызы зор», дейді сала мамандары. Олардың сөзінше, қазір онкология аурулары елімізде өлім көрсеткіші бойынша жүрек қантамырлары дертінен кейінгі екінші орында тұр. Ал, оны алғашқы сатыларында анықтап емдесе дерт одан әрі асқынбайды. 

Дамир Дәулетбаев, Алматы қалалық онкология орталығының бас дәрігері:

- Бүгінгі күні біздің Алматы онкологиялық орталықта бүйрекке, асқазанға, өңешке, тоқ ішекке малоинвазивті түрде операция жасалынып жатыр. Ол басқа облыстарда, басқа медициналық орталықтарда бір-екі түрлері жасалынса, біздің орталығымызда ішкі құрылыстың ағзаларына және кеуде қуасының ағзаларына лакоскопиялық, малоинвозивтік оталар жасалынуда. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу