Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

22.11.2017

Жиында министр медициналық құрылғыларды сатып алудың жаңа тәртібімен таныстырды. Оның сөзінше, соңғы үш жылда елімізге шет мемлекеттерден әкелінген медициналық құрылғылардың кейбірінің сапасы нашар болса, енді бірінде сақтау мерзімі мен өндірілген елі көрсетілмеген. Алдағы уақытта бюджет қаржысына жаңа құрылғы сатып алынатын болса, оған міндетті сараптама жасалмақ. Сондай-ақ, министрлік басшысы кейбір сатып алынған құрылғылармен жұмыс істей білетін мамандардың жоқтығын айтты. Елжан Біртанов  аппараттарды сатып алу үшін жеке инвесторларды тартудың маңыздылығын да атап өтті. Осыған байланысты, биылдың өзінде кәсіпкерлермен 20 шақты келісімшарт жасалған. Жалпы, денсалуық сақтау саласын қаржыландыруға Үкімет бюджетінің 11 пайызы жұмсалады. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Аймақтарға іссапармен барғанда көретінім – медициналық мекеме басшылары бөлінген қаржыны ауруханаларды әдемі картиналармен, кілемдермен, түрлі жабындылармен безендіруге жұмсайды. Ал, Еуропаға барсаң, ондайды байқамайсың, яғни, оған ақша жұмсамайды. Сондықтан, қаржылық шығындарды реттейтін боламыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу