Қазақстанға баланың қызуын басатын «басқармалы гипотермия» құрылғысы әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға баланың қызуын басатын «басқармалы гипотермия» құрылғысы әкелінді

16.11.2017

Әлемде жаңа туған нәрестелер дене қызуы күрт көтерілуі салдарынан сал болып қалады. Немесе мүлде шетінеп кету жағдайы жиі кездеседі. Себебі, ми клеткаларының басым бөлігі өлетін көрінеді. Ғалымдар осы сырқатпен күресу мақсатында жаңа «басқармалы гипотермия» құрылғысын ойлап тапқан. Ол баланың қызуы көтеріліп не күрт төмендеген кезде температураны қалыпты жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді. «Аяла» қайырымдылық қоры аса қажет құрылғының екі данасын Қазақстанға жеткізген. Бүгін оның бірін «Ана мен Бала» орталығына сыйға тартты. Германиядан жеткізілген құрылғының бағасы шамамен 30 мың еуро тұрады. Оған қажет қаражат демеушілер есебінен және Астанада өткен марафонда жиналған.  

Салтанат Әскербекқызы, «Аяла» қайырымдылық қорының Астанадағы өкілі:

- Баланың денесі қызуы салдарынан миындағы клеткалар өліп кетуі мүмкін. Мидың, ағзаның қызуын басу үшін осы гипотермиялық құрылғы пайдаланылады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу