Бүгін - дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

14.11.2017

Соған орай Президент іс басқармасының медициналық орталығында аурудың алдын алу шарасы өтті. Халық дәрігерлерге тегін тексеріліп, сол мезетте қанының құрамындағы қант мөлшерін біліп алды. Бұдан соң мамандар шыққан қорытындыға қарай қандай ем алу керектігін түсіндірді. Жалпы, бұл ауру 40-тан асқан адамдарда көптеп кездеседі. Яғни, асты шектен тыс ішіп, толыса бастаса қант диабетіне шалдығу қаупі жоғары. Сондықтан, саламатты өмір салтын ұстанып жүрген абзал.

Жанар Әбдірахманова, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының дәрігер-эндокринологы:

- Қант диабеті эпидемиялық сипат алған әлеуметтік маңызды ауру. Статистика бойынша әлемде әр бесінші адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл дерт қауіпті. Себебі, өлімге алып келеді. Бірақ, алдын алу үшін ерте кезден емделген дұрыс. Қазір диагностикалық орталықтар жақсы дамыған. Тек адамдар денсаулығына немқұрайлы қарамауы тиіс.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу