14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

13.11.2016
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

14 қараша, дүйсенбі, 2016 жыл

Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

БҰҰ Бас Ассамблеяның 2006 жылғы желтоқсанның 20-дағы арнайы қарарында №А/RES/61/225 жарияланған. 2007 жылдан бастап, 14 қарашада жыл сайын аталып өтеді.

екр


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1999) «Хабар» телеарнасында жаңалықтар алғаш рет ағылшын тілінде беріле бастады - «Khabar News weekly review». Алғашқы жүргізушілер - ақын қыз Сабрина Велли мен журналист Джон Манн; жоба редакторы - тағы бір ағылшын қызы Пола Раберфорд.

78 жыл бұрын (1939) Жамбыл облысы құрылған. Орталығы - Тараз қаласы. Облыс 10 ауданнан, үш қала Қаратау, Жаңатас, Шу аудан орталықтарынан тұрады.

непр

136 жыл бұрын (1880) Парижде Пастер Институты салтанатты түрде ашылды. Институттың бірінші директоры микробиологияның негізін қалаушы Луи Пастер (1822-1895)  болып тағайындалды. Ғылыми мекеме сәтті жұмыс жүргізу мақсатында құрылды.

рпьпрь

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1950) жазушы, аудармашы Тұрысбек СӘУКЕТАЙ  дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1947) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі  Қуаныш Айтаханұлы АЙТАХАНОВ  дүниеге келді.

птрьнг

73 жыл бұрын (1943-2003) ақын, прозаик, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Кәкімжан Қазыбаев атындағы сыйлықтың лауреаты  Мәлік Жақыпұлы МҰҚАНОВ  дүниеге келді.

87 жыл бұрын (1929-1998) этнограф, тарих ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Сәбитұлы МҰҚАНОВ  дүниеге келді.

прьвавт

106 жыл бұрын (1910-1979) ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген гидротехнигі  Рахмет Жанғазыұлы ЖОЛАЕВ  дүниеге келді.

109 жыл бұрын (1907-2002) әлемдегі ең танымал балалар жазушысы   Линдгрен (Астрид Анна Эмилия Эриксон) АСТРИД  дүниеге келді.

пта

122 жыл бұрын (1894-1957) домбырашы, педагог, Қазақстанның Халық әртісі  Лұқпан МҰХИТОВ  дүниеге келді.

пат

Хабарламаларға жазылу