Тыныс алу жүйесі аурулары көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тыныс алу жүйесі аурулары көбейген

13.10.2017

Қазіргі уақытта тыныс алу жүйесі ауруынан болатын өлім-жітім деректері екі есеге өскен. Соңғы бес жылда тыныс алу жолдарына қатысты аурулар  жүрек қантамырлары ауруларынан кейінгі «өлім көрсеткішіне» жетіп отыр. Сондықтан, медицинаның бұл саласын дамыту өте маңызды. Бұл жайында халықаралық сарапшылар мен дәрігерлердің  басын қосқан конференцияда айтылды. 

Жиында  «Еуразиялық тыныс алу жолдары» қауымдастығының өкілдері келіп дәріс оқыды. Сондай-ақ,  аурудың алдын алу мен емдеуге қатысты соңғы инновациялық технология  таныстырылды.

Абай Байгенжин, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жетекшісі:

 - Көп жылдың арасында бірінші рет денсаулық сақтау министрлігі  осы аурулар жөніндегі мәліметтерге қарап, республикалық ғылыми-практикалық орталық ашуды көздеп отыр. Оған қомақты қаржы бөлінді.

Хабарламаларға жазылу