Емханаларда жұмыс істейтін медбикелердің функциялары кеңейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емханаларда жұмыс істейтін медбикелердің функциялары кеңейтіледі

10.10.2022

Емханаларда жұмыс істейтін медбикелердің функциялары кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Олар рецепт жазу мен құжаттарды ресімдеуден басқа, созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайын қадағалайды, проблемаларын шешуді жоспарлайды. Қазір бастаманы жүзеге асыру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ведомство басшысы ауылдық жерлерде жиі кездесетін аруларды да атады. Алғашқы үштікке тыныс алу органдары, ас қорыту және несеп-жыныс жүйесінің аурулары еніп отыр. Ал онкологиялық індеттің мөлшері тек 1 пайызды құрайды. Министр болашақта аудандық ауруханалар жанынан жылжымалы әлеуметтік дәріханалар ашылатындығын да айтты. Олар қазір Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына енгізіле бастады. Мұнда ең қажетті препараттар ауылдағы ағайынға қолжетімді бағамен саудаланатын болады. Осыған қатысты жылжымалы медициналық кешеннің таныстырылы ма ұйымдастырылды.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қазір біз айтып жатырмыз. Әлде мынандай қозғалатын дәріханамен қамтамасыз етіңдер. Немесе әрбір медициналық пунктке бұрыштар жасап қойыңдар деп жатырмыз. Халыққа қалай ыңғайлы соны жасаңдар деп жатырмыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу