Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1 миллиард теңге қаржы жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1 миллиард теңге қаржы жиналды

09.08.2017

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында денсаулық сақтау вице министрі Ләззат Ақтаева айтты. Айта кету керек, міндетті медсақтандыру қорына жұмыс берушілер 1 шілдеден бастап қаржы аудара бастады. Баспасөз мәслихатында Ұлт жоспарында жүктелген міндеттердің орындалу барысы айтылды. Биыл медицина мекемелерінің 50 пайызы, келесі жылы барлық мекемелер тиісті ақпараттық жүйемен қамтылады. Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдан бастап қағазбастылықтан толық құтылып, электронды денсаулық төлқұжатын енгізеді. Сондай-ақ, Ұлт жоспары аясындағы жекешелендіру жайы да сөз болды. Бұған дейін жекешелендіру тізімінде болған «Самұрық-Қазына Фармациясы» компаниясы жекешеленбейтін болды. Ол медициналық сақтандыру қорының құрамына енді. Денсаулық сақтау вице-министрі  қоғамда қызу талқыға түскен коксаки инфекциясы туралы да ресми мәлімдеме жасады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу