ОҚО-да компьютерлі тамографиялық орталық ашылды
Оңтүстік Қазақстанда өңірдің шалғай ауыл-аймақтарындағы медицина қызметінің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өзбекстанмен шекаралас қонған Мақтарал ауданының Асықата ауылында компьютерлі тамографиялық орталық ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған емдеу орнында науқастың ағзасындағы өзгерісті небәрі 20 секунд ішінде анықтап, нақты диагноз қоюға мүмкіндік туды. Медициналық орталық күніне 60-қа тарта адамды қабылдай алады. Бұған дейінгі қолданыста болған магнитті резонансты тамографиядан бір ерекшелігі, компьютерлік тамографияда өкпе құрылысы да түсіріледі.
Сондай-ақ, сүйек қаңқаларын әр қырынан анықтап көруге болады. Жаңа жабдықтың арқасынд аймақ тұрғындары енді дертін анықтау үшін орталыққа сабылмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесінің міндеті қандай?
27.09.2026, 20:10
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53