Медицина сарапшылары: Науқаспен сұхбаттасу - дәрігерлер үшін аса маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина сарапшылары: Науқаспен сұхбаттасу - дәрігерлер үшін аса маңызды

18.01.2017
Алматыда бас қосқан отандық және шетелдік медицина сарапшылары осыны айтты. Алқалы жиынға әлемнің әр қиырынан келген білікті мамандар сала бойынша орамды ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Олардың сөзінше, қазір жаһандану заманында ғылым мен технология сәт сайын дамып, түрленіп отыр. Медициналық жаңғыру үдерісі де үздіксіз кемелденіп келеді. Алайда, озық технологиялардың көмегіне жүгінгенмен, дәрігер мен емделушінің арасындағы байланыс болуы қажет. Сондықтан, ақ халаттылар үшін әр науқаспен сұхбаттасып, әңгімелесу - аса маңызды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу